Атыраулық ару 30 жылдан бері краншы болып жұмыс жасайды. Биғайша Хасанова 30 жылдан астам уақыт бойы 4-разрядты кран машинисі болып жұмыс жасайды. Ол кәсіби еңбек жолы 1986 жылы басталды. Ол ерте жастан әйелдер үшін күрделі және ерекше мамандықты игеруге шешім қабылдады.
"9-сыныптан кейін мен үшін қайда бару керектігін таңдау керек болды. Әкем краншы болып көруге кеңес берді. Осылайша мен Құлсарыдағы бес қабатты үйлердіңқұрылыс алаңында болып, кранды бірінші рет басқардым. Содан кейін мен әртүрлі крандармен жұмыс істедім. Мен көтерілген ең биік нүкте – шамамен 80 метр. Енді өзімді басқа мамандықта елестете алмаймын. Себебі, мен әрқашан биікте болдым", - дейді ол.
Бүгін ол 54 жасқа толып отыр. Ал, өткен жылдан бастап Атыраудағы алғашқы жүк вагондарын шығаратын зауытта жұмыс жасайды. Айта кету керек, Атырау вагон жасау зауыты жүк вагондарын, мұнай өнімдерін, сұйытылған газды және өнеркәсіптік жүктерді тасымалдауға арналған цистерналарды шығаруға маманданған. Зауыт толық қуатына 2027 жылы көшеді деп жоспарланып отыр және жылдық қуаты 6-7 мың вагонды құрамақ.
Бүгінгі таңда зауыттың өндірістік алаңы 17 мың шаршы метрді құрайды, ал, 2027 жылға қарай 62 мың шаршы метрге дейін жетпек.
Құрылыс процесінде негізгі өндірістен басқа, вагон компоненттерін дайындайтын цехтар бар, орташа және шағын вагон өндірісі үшін құйма зауыты жобалануда. Инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд теңгеден асады. Компанияның бастапқы инвестициялары қазірдің өзінде шамамен 170 млн долларды құрап отыр.
Қазір өндірісте жүзден астам маман жұмыс істейді, ал 2027 жылға қарай олардың қатарын 3000-ға дейін жеткізужоспарлануда. Биғайшаның айтуынша, қазір зауытта тек екі әйел жұмыс жасайды – дәнекерлеуші және өзі. Негізінен барлық ауыр жұмыстарды ер адамдар атқарады екен.
Біздің кейіпкеріміздің жұмыс күні таңғы сағат тоғызда басталып, кешкі сағат тоғызда аяқталады. Ауысым кестесі бойынша екі күн жұмыс жасап, екі күн демалады. Ең бастысы, оған жұмыс та, әріптестері де ұнайды.
"Сүйіксіз жұмыс өмірге қауіп төндіреді" дейді Б.Хасанова.
"Краншы - өндірістің маңызды буыны. Біз цехтардың үздіксіз жұмыс істеуін және жоспардың орындалуын қамтамасыз ететін жүктерді жылжытамыз. Краншы ретінде жұмыс істеу үшін дәлдік, төзімділік және ұқыптылық қажет. Бір оқыс қозғалыс қалпына келмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Жүктің салмағын сезіну және тепе-теңдікті қадағалау өте маңызды. Асығыстық пен қателікке орын жоқ. Жауапкершілік пен зейін - менің басты көмекшілерім" дейді ол.
Кран машинисі ауыр техниканы ғана емес, сонымен қатар өз эмоцияларын да басқара білуге тиіс. Сіз сабырлы, зейінді болуыңыз керек, оқыс жағдайларда тез әрекет ете білуіңіз керек. Биғайша ханым жеке өмірінде де жетістікке жеткен жан, ол қыз өсірді, қазір немерелерін бағып-қағуда.