Қазір Сот жюриінің құрамына Жоғарғы Соттың 4 судьясы, облыстық соттардың 5 судьясы және аудандық деңгейдегі 4 судья кіреді. ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжанның айтуынша, бұл барлық сот инстанциясы өкілдерінің пікірін ескере отырып, неғұрлым объективті және салмақты шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
«Сот жюриінің шешімдерімен келіспеген жағдайда, судья Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады. Өз кезегінде Кеңес судьяның дәлелдерін мұқият зерделеу нәтижелері бойынша Сот жюриінің тәртіптік іс жүргізуді тоқтата отырып немесе материалдарды қайта қарауға жібере отырып, шешімінің күшін жоюға құқылы», - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.