Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматылық адвокат пен «Газпромнефть» кеңесшісі пара алғаны үшін сотталды

Алматыда адвокат пен оның екі сыбайласы сотталды. Олар алаяқтық пен пара беруге итермелеу бойынша кінәлі деп танылды.

Алматылық адвокат пен «Газпромнефть» кеңесшісі пара алғаны үшін сотталды
Freepik.com

Үкімді Медеу аудандық соты шығарды. Сыбайлас жемқорлық ісінде үш адам – Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Ренат Наинбаев, сондай-ақ Туяшев пен Сәкенова есімді азаматтар аталды.

Антикордың мәліметінше, олар клиенттерін пара беруге итермелеген. Клиенттер балабақша ғимаратын тұрғын үй ретінде заңдастыруды көздеген. Бұл мәселені шешудің бағасы 30 миллион теңгеден асқан.

Сот шешімі бойынша, Наинбаевқа бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сәкенова жеті жылға бас бостандығынан айырылса, Туяшев төрт жылға сотталды. Оларға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Орда» басылымының мәліметіне сәйкес, Ренат Наинбаев – 30 жылдан астам заңгерлік тәжірибесі бар «NS» Адвокаттық кеңсесінің негізін қалаушы. 2010 жылдан бері «Газпромнефть – Майлау материалдары» ЖШҚ өкілдігінің бірінші басшысының тұрақты заңгерлік кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату