Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қостанайда 15 жастағы баланың денесі табылды

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім үйден шығып кеткен. Оның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанайда 15 жастағы баланың денесі табылды
pixabay

Полицияның мәліметінше, оның денесі 16 ақпанға қараған түні табылған. Алдын ала нұсқа — суицид. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.

Жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы "Дос" іздеу-құтқару тобы хабарлады. Олардың айтуынша, бала кешке үйден шығып кетіп, хабарсыз кеткен. Оның ата-анасы дабыл қаққан.

Өкінішке қарай, іздеудің алғашқы күнінде оның денесі табылды. Трагедияның себептері анықталып жатыр.  Тергеу басталған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату