Премьер-Министр Олжас Бектенов осы аптада өңірлерде кәсіпкерлер, сарапшылар және мәслихат депутаттарының қатысуымен салық реформасы бойынша қоғамдық талқылаулар өтетінін хабарлады. Оның мақсаты – кері байланыс жинап, барлық ұсыныстарды ескеру.
"Мен де Астана мен өңірлерде бизнес өкілдерімен кездесулер өткіземін. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша Салық кодексінің жобасы мен оған қатысты заң жобасын 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу қажет. Одан кейін Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз", – деп атап өтті ол.