Тұңғыш Президент саябағы
Тұңғыш Президент саябағы Алматы қаласында өте үлкен, әдемі әрі танымал саябақтардың бірі. Ғашық жұптар мен ерлі-зайыптыларға бұл саябақта қыдырудың өзі керемет көңіл-күй сыйлайды.
• Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, Навои к,қ.
Жұлдызды алаң (Звездная поляна)
Бұл алаңды — Ғашықтар тауы деп те атайды. Бұл жерден Алматының әдемілігін және аспандағы шексіз жұлдыздарды көре аласыз. Ғашықтарға кездесуге арналған керемет әрі ерекше жерлердің бірі.
• Мекенжайы: Навои көшесімен жоғары жүріп, МАИ қызметі тұрған орыннан оңға бұрыласыз.
Медеу мұз айдыны
Медеу мұз айдынының әдемілігі туралы айтпаса да болады. Тау бөктерінің әдемілігі көз тойдырарлық. Мұнда болмаған болсаңыз, міндетті түрде баруға кеңес береміз. Медеу қаладан 1 сағаттық жерде орналасқан. Қазіргі уақытта мұз айдыны жабық, десек те, ерекше скейт-саябағымен ерекшеленеді.
• Мекенжайы: Горная көшесі 46
Көк-Төбе
Көк-Төбе шыңына көлік және арқан (канат) жолымен шығуға болады. Арқанмен серуендеу Алматы мен Көк-Төбе арасын байланыстыратын әуе жолы десек те болады. Серуендеу кезінде Алматы қаласының үстінен әдемі көріністі көре аласыз.
• Мекенжайы: Достық даңғылы 104 А
Арбат
Арбат Алматыдағы әдемі жерлердің қатарында. Мұнда шығармашылық адамдар жиналып, ән-шашу мен арт-қойылымдар ұйымдастырады. Күрделі жөндеуден кейін мұнда субұрқақтар, балаларға арналған алаңдар, қыш құмыраға отырғызылған гүлдер мен орындықтар қойылған.
Мекенжайы: Жібек Жолы даңғылы 99