Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Ташкентте әйел 20 жерден пышақ жарақатын алып, аман қалды

Ташкент тұрғыны отбасындағы жанжал кезінде әйеліне шабуыл жасап, оған 20 жерден пышақ сұққан,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Ташкентте әйел 20 жерден пышақ жарақатын алып, аман қалды
Фото: arigus.tv

Оқиға 1 ақпанда Ташкенттің Янгихаётский ауданында болған. 47 жастағы ер адам әйеліне есірткі бизнесімен айналысу үшін үйлерін сатқысы келетінін айтқан. Әйел екі баласымен жаңа баспана таба алмайтындарын айтып, келіспейді. Ашуланған ер адам әйеліне 20 рет пышақ сұғып алған.

Әйел көптеген жарақаттар алып, көп қан жоғалтқан. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, қазір дәрігерлердің бақылауында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату