Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 13:52 / Перизат Ілес / Әлем

Өзбекстанда әйел перзентханадан жаңа туған нәрестені ұрлап кеткен

Өзбекстанның Джизак облысында жаңа туған нәрестені перзентханадан ұрлап әкету оқиғасы орын алды. Мәлімет бойынша, оқиға 31 қаңтарда болған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы nuz.uz сайтына сілтеме жасап. 

Өзбекстанда әйел перзентханадан жаңа туған нәрестені ұрлап кеткен
Фото: Baigenews

Мәліметке сүйенсек, жергілікті тұрғын 28 қаңтар күні егіз сәбиді дүниеге әкелген. Бірнеше күннен кейін анасының бөлмесіне 25-30 жастағы бейтаныс әйел келді. Ол медициналық маска киген, бірақ халатсыз. Бейтаныс азамат сәбилердің бірінің денсаулығында ақау бар екенін, оны шұғыл түрде дәрігерге қарау керектігін айтты. Осыдан кейін ол баланы алып, жоғалып кеткен. 

Ақпарат бойынша, нәресте сол күні табылып, күдікті қамауға алынды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату