Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанның халық саны 20 миллион 200 мыңнан асты

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанның халық саны 20 миллион 200 мыңнан асты
Фото: Inbusiness.kz

Оның ішінде:

• Қала тұрғындары – 12 774 743

• Ауыл  тұрғындары – 7 511 341

«Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%», - делінген ақпаратта.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар:

• Түркістан (2,1 млн)

•  Алматы (1,5 млн)

• Жамбыл (1,2 млн)

• Қарағанды (1,1 млн).