Министрдің айтуынша, Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік туралы келісім жасаған. Биыл бұл тізімге тағы 11 шетелдік жоғары оқу орны қосылады.
– Биыл өте мықты университеттердің филиалдары ашылады. Атап айтар болсам, әлемдік рейтингте 200 үздік оқу орындарының қатарына кіретін Ұлыбританиядағы Кардифф университеті, Эсетер және Шотландиядағы Глазго университетінің және KAIST (Korea Advanced Institute of Science and Technology). Бұл ЖОО барлығы әлемдегі рейтингі жоғары университеттердің қатарында, – деді министр.
Сондай-ақ, Саясат Нұрбек былтыр Қазақстанға 31,5 мың шетелдік студент оқуға келгенін айтты.
– Азиядан келген студенттердің саны алғаш рет ТМД елдерінен келген студенттердің санынан асып түсті. Қазір 93 елден бізге білім алуға келді. Біздің стратегиямыз, бағыт-бағдарымыз бен Қазақстанды аймақтағы академиялық хаб ретінде орналастыруымыз өз жемісін бере бастады. Біздің KPI 2028-2029 оқу жылында 100 мың шетелдік студентке қызмет көрсетеді. Егер олар Қазақстанда орта есеппен 10 мың доллар қалдырса, бұл қазірдің өзінде 100 млн доллар. Халықаралық статистика бойынша бір шетелдік студентке 1,3 жұмыс орны болса, мыңдаған шетелдік студент 1300 жұмыс орнын ашады, – деді Саясат Нұрбек.