Голландиялық Royal Aviation Company (KLM) әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Осло әуежайынан Амстердамға көтерілу кезінде қатты дыбыс шыққан соң Сандефьорд халықаралық әуежайына бағытталды.
Төтенше қону кезінде Boeing 737-800 ұшағы ұшу-қону жолағынан асып, көгалға шығып кеткен.
Ұшақтағы 176 жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің зардап шекпегені, оқиғаға қатысты тергеу басталғаны хабарланды.
Норвегиялық БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ гидравликалық жүйедегі ақауға байланысты шұғыл қонған.
Сондай-ақ Vg.no басылымының хабарлауынша Ослодағы Саннефьорд әуежайы жергілікті уақыт бойынша жексенбі күнгі кешкі сағат 18.00-ге дейін жабылған. Бұл шамамен 5000-ға жуық жолаушы жолынан қалып отыр деген сөз.