Аптон 25 желтоқсанда Калифорния штатындағы ауруханада пневмониядан болған ұзақ асқынулардан қайтыс болды.
Жапон авиациясы АҚШ-тың әскери-теңіз базасына шабуыл жасаған кезде ол 22 жаста болған екен. Аптоннан кейін аталған шабуылды бастан өткерген 15 адам ғана қалды.
Еске сала кетейік, шабуылдан 2335 американдық әскер мен 68 бейбіт тұрғын қаза тауып, аман қалған 15 адам ғана белгілі.
1941 жылы 7 желтоқсанда жапон әскери-теңіз күштері Гонолулудан оңтүстікке қарай, Гавайи аралындағы Перл-Харбор әскери-теңіз базасында якорь орналасқан АҚШ-тың Тынық мұхит флотына шабуыл жасады. Келесі күні бұрын бейтарап болған АҚШ Жапонияға соғыс жариялады.