weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

AzAl апаты: Шешен елі 28 желтоқсанды аза тұту деп жариялады

Шешенстан Республикасының билігі Ақтауда ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы НСН сайтына сілтеме жасап.

AzAl апаты: Шешен елі 28 желтоқсанды аза тұту деп жариялады
Фото: Telegram/ PRO КАДРЫ KZ

Айта кетелік, Әзірбайжан әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer 190 ұшағы 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау маңында апатқа ұшырап, 38 адам қайтыс болды.

Қазір Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың дәрігерлері айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Төрт науқас жансақтау бөлімінде жатыр: біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→