• Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге келіп жеткен 2025 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін!
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін!
• Жаңа 2025 жылың жаңа нұр ала келсін Қуанышқа құшағың тола берсін. Ескі жылың есіркеп көкейіңде Қимас шақтың бірі боп қала берсін! Жаңа 2025 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашады, Осы шашылған нұр әр біріміздің шаңырағымызға шуақ болып тұрады.
Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2025 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады.Жаңа 2025 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
• Барша қазақстандықтарды жаңа 2025 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2025 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
• Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш - қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!
• Жаңа 2025 жылымен құттықтаймын! Жаңа 2025 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
• Сізді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыңызға құт - береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін.
• Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Пейіштен шыққандай пәк періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!