Мәселен, Қызылорда облысында мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға 3 АЕК немесе 12 975 теңге беріледі. Биыл бұл көмекті 34 120 адамға төлеу жоспарланған. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 426,3 млн теңге бөлінген.
Республика күніне орай әлеуметтік көмек Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында қарастырылған. Қаражат негізінен мүгедектігі бар адамдарға, балаларға және басқа да жекелеген санаттағы азаматтарға беріледі. Ал бірқатар өңірде мерекеге арнайы төлем қарастырылмаған.