Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Бразилияда автобус апатынан 38 адам қаза тапты

Бразилияның шығысында автобус, жүк көлігі және жеңіл автокөлік соқтығысып, кемінде 38 адам қаза тапты, бұл сан әлі де өсуі мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бразилияда автобус апатынан 38 адам қаза тапты
Фото: news.sky

Бұған дейін 22 адамның қайтыс болғанытуралы хабарланған еді. Ауруханаларға 13 зардап шеккен адам жеткізілді.

Құтқарушылардың мәліметінше, автобустың дөңгелегі жарылып, жүргізуші рульді басқара алмай, жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Осыдан кейін автобусқа артынан келе жатқан жеңіл автокөлік соғылған. Апат салдарынан автобус өртеніп кеткен.

Автобус Сан-Паулудан Баия штатына қарасты Витория-да Конкисту қаласына бара жатқан.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату