Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Қазақмыс Сәтбаев қаласындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

18 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазған өндірістік алаңындағы кеніштердің бригадирлерімен кездесті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақмыс Сәтбаев қаласындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Азаттық радиосы

Қазақмыс мәлімдеуінше, кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Жалақыға келетін болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынды:

1-нұсқа: жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге);

2-нұсқа: Жалақыны 15,6%-ға индекстеу.

Келіссөз барысында Н.Нуриев жалақының күрт әрі негізсіз ұлғаюы түптің түбінде компанияның бірқатар кеніштерінің бәсекеге қабілеттілігін жойып,консервациялануына әкелетініне, салдарынан жұмыс орындарының жабылуына әкеліп соқтыратынны атап өтті.Сондай-ақ ұсыныстарды түсіндіру үшін жұмыс орындарында, оның ішінде шахталарда жұмысшылармен тікелей кездесу ұйымдастырылды,- делінген хабарламада.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату