weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Балқаш пен Сәтбаевта екі адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды

Қазақстанның екі өңірінде адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиғалар тіркелді. Балқашта жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып кетсе, Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында үш көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

⁠Балқаш пен Сәтбаевта екі адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды
Фото: Жасанды интеллект

Балқаштағы оқиға қалаға кіреберістегі көпірдің астындағы теміржол учаскесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызы ер адамды қағып кеткен. Осы факті бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жарияламады. 

Ал Ұлытау облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы Жезқазған – Есіл – Петропавл автожолының 33-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, нәтижесінде үш автокөлік соқтығысқан.

Жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандардың арасында екі өртке қарсы қызмет қызметкері болғаны хабарланды. Олар оқиға кезінде қызметте болмаған және жеке шаруаларымен Жезді кентінен Сәтбаевқа қарай жолға шыққан. 

Аталған факті бойынша Ұлытау облысының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→