Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде құтқарушылар баспалдақ арқылы 10 тұрғынды, оның ішінде үш баланы қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Жалын 70 шаршы метр аумақты шарпығанымен, өрт толық сөндірілді.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖ қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.