weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Есірткі сатпақ болған Ақтау тұрғыны ұсталды

Атырауда есірткі сатпақ болды деген күдікпен Ақтау тұрғыны ұсталды

Есірткі сатпақ болған Ақтау тұрғыны ұсталды
Polisia.kz

Атырауда полиция қызметкерлері есірткі заттарын сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 29 жастағы Ақтау тұрғынын анықтады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ұсталды. Жалға алған пәтеріне жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 211,84 грамм «Альфа-PVP» есірткі заты салынған 3 zip-пакет пен 40 орама табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→