Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Аймақтар

257 білім нысаны жөндеуден өтті: Қарағанды дамып келе ме?

Қарағанды облысында ескі және үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу үшін жаңа ғимараттар салынып жатыр.

257 білім нысаны жөндеуден өтті: Қарағанды дамып келе ме?
SK News

Биыл 257 білім беру нысанына жөндеу жүргізілді. Оның 174-і мектеп. Жөнделген нысан саны былтырмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл туралы Newsroom.kz тілшімі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биыл білім беру саласына бөлінген қаражат та көп. 2023 жылы 215 миллиард теңге бөлінсе, биыл ол қаржы 25 миллард теңгеге артық.

Қарағандыдағы Күнгей шағын ауданында 30 жыл мектеп болмаған. Маңайдағы жақын деген мектептің өзі бірнеше шақырым жерде орналасқан. Биыл күзде мұнда 600 орындық білім ошағы ашылды. 

Облыста ұлттық жоба аясында 10 жайлы мектептің құрылысы басталды. Оның бірі Балқаш қаласында салынып жатыр. Мысты шаһарда мектеп тапшылығы бар. Мың оқушыға шақталған білім мекемелерінде 1350 балаға дейін оқуға мәжбүр. Енді жайлы мектеп тапсырылған соң бұл мәселе түбегейлі шешіледі. 

Өңірдегі 5 ескі мектептің орнына жаңасын салу жоспары бар. Осыған байланысты Талды, Елгезек ауылдарында жаңа білім ошақтарының құрылысы басталды. Ал қалғаны Ақтоғай ауданы мен Қарағанды қаласында. Сондай-ақ қалада 3 ауысымда жұмыс істейтін 1 мектеп бар.