Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

“Жұлдыз үйсіз қалмайды”: Гүлзира Айдарбекова

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, келіні Жұлдыздың үйсіз қалғанына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды newsroom.kz

“Жұлдыз үйсіз қалмайды”: Гүлзира Айдарбекова
Фото: Stan.kz

Қайрат Нұртастың анасы келіні қателік жібергеннен кейін істі аяғына дейін жеткізуге тырысып жатқанын айтты.

«Өзінің қателігі болғаннан кейін мойнымен көтеріп, тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Қайрат екеуміз түнде ұйықтамай концерт беріп, алып берген үй ғой, кішкене көрсін енді. Қайраттың бала-шағасы мен Жұлдыз үйсіз қалмайды. Олардың тұрып жатқан үйіне ай сайын миллионнан беріп отыр. Балалардың бәрі қымбат мектепте оқиды. Шопырына дейін төлеп отыр. Олардың барлық жағдайы жасалынған ғой. Соның барлығы Қайраттың еңбегі,- деді Гүлзира Айдарбекова.