Әлем бойынша орташа температура рекордтық көрсеткішке жетіп, 3°C-қа дейін көтерілген аймақтар анықталды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Мамандар бұл құбылысты парниктік газдардың ауаға шамадан тыс бөлінуімен, орман өрттерімен және мұхит суларының жылу сіңіру қабілетінің жоғарылауымен байланыстырады. Жаһандық жылыну процесі экологиялық жүйелерді тұрақсыздандырып, табиғи апаттардың жиілеуіне әкелуде.
2024 жылғы ыстық толқындар:
• Орман өрттерін күшейтті (АҚШ, Австралия, Канада).
• Мұздықтардың еруін жеделдетті (Гренландия, Антарктида).
• Азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірді (Еуропа мен Африкадағы құрғақшылық).
• Тропикалық циклондардың санын арттырды
БҰҰ және басқа ұйымдар климаттық өзгерістермен күресу шараларын күшейтуді талап етуде