weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан тарихы қайта жазылады: «жаңа» хандар мен өзгеше көзқарастар пайда болмақ

Қазақстанда жеті томдық академиялық тарих дайындалып жатыр. Бұл бастама туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеген еді. Жаңа ғылыми еңбек ел тарихындағы негізгі кезеңдерді қайта пайымдауды көздейді, деп хабарлайды newsroom.kz  Kursiv.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан тарихы қайта жазылады: «жаңа» хандар мен өзгеше көзқарастар пайда болмақ
Фото: egemen.kz

Тарихшы Жақсылық Сабитовтың айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда іргелі академиялық зерттеулер өте аз болған. Бұған дейін жарық көрген бес томдық еңбек кеңестік көзқарастан айтарлықтай алшақтамаған.

Жаңа жеті томдық еңбек функционалдық және құрылымдық тұрғыдан түбегейлі өзгеше болмақ. Әсіресе Орта ғасыр кезеңі кеңейтіліп, бұрынғыдан үш есе көлемді қамтылған. Бұл — Қазақстан тарихындағы көптеген кезеңдерге жаңа ғылыми көзқарас қалыптастырады.

Сабитовтың айтуынша, ең маңызды өзгерістердің бірі — Алтын Орда мен Қазақ хандығы арасындағы сабақтастықты қайта қарау. Қазіргі тарихшылар Ақ Орда жеке мемлекет емес, Алтын Орданың бір резиденциясы болған деген тұжырымға келіп отыр. Осыған байланысты Қазақ хандығының саяси генеалогиясы жаңаша жазылады.

Сонымен қатар, бұрын ғылыми айналымға енбеген жаңа хандар мен тарихи тұлғалар пайда болады. Ал Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы да кеңестік «ерікті қосылу» тұжырымынан алшақ қарастырылады.

Сарапшының пікірінше, жеті томдық еңбек жарық көргеннен кейін мектеп оқулықтары мен мемлекеттік білім стандарттары да жаңартылады. Қазіргі оқулықтар 2017–2019 жылдары шыққан және ескі бес томдыққа негізделген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→