Президентке сыбайлас жемқорлық пен лауазымын асыра пайдалану әрекеттеріне қатысы бар деген күдік тағылып отыр. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Алайда нақты айыптар мен дәлелдер толық жарияланған жоқ. Президенттің жақтастары бұл әрекетті саяси қарсыластардың қысымы деп атауда.
Парламенттің шешімі президентті тергеу және оны қамауға алу процесін бастауға мүмкіндік береді.
Корея қоғамында бұл шешімге қатысты пікірталастар екіге бөлінді. Бір бөлігі елдегі заң үстемдігін қолдаса, екіншілері саяси тұрақсыздықтан қауіптеніп отыр. Халықаралық қауымдастық бұл жағдайды мұқият бақылауда ұстап, елдегі демократиялық процестерді сақтауға шақыруда.