Оқиға Орталық мешіттің жанында болған,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оңтүстік астананың полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзуға жатады және ӘҚБтК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай фактілерге жол берілмейді, олардың жолы кесіледі», делінген хабарламада.