Жапония — бір ұлтты мемлекет. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады.
Жапония - конституциялық монархия
1947 жылы 3 мамырда күшіне енген Конституцияға сәйкес Жапония императоры «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып табылады. Ол барлық мемлекеттік тағайындаулар мен шешімдерді олар үшін жауап беретін министрлер кабинетінің ұсынысы бойынша қабылдайды. Дипломатиялық кездесулерде ол мемлекет басшысының рөлін атқарады. 2019 жылдан бастап Нарухито Жапонияның императоры болды, ал оның орнына ханзада Фумихито келеді.
Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық
2005 жылы Қазақстанмен Жапония арасындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр.
Ал, Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.