Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар

33,8 мың тонна макарон: Экспорт қарқынды дамуда

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында өндірілген макарон өнімдерінің көлемі 109,1 мың тоннаны құрады

33,8 мың тонна макарон: Экспорт қарқынды дамуда

Өндірістік көрсеткіш 7,5% төмендеді. Сонымен бірге макарон өнімдерінің импорты 14,6% артып, 30,7 мың тоннаға жетті. Импорттық өнімнің жалпы көлемдегі үлессалмағы 22% құрайды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Импортталған макарон өнімдерінің негізгі бөлігі ТМД елдерінен жеткізілген – 25,2 мың тонна. Сондай-ақ кеспе, спагетти және басқа да макарон өнімдерінің Қазақстанға экспорттаушылар қатарында Қытай, Корея Республикасы, Италия және Польша бар.