Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар

33,3 миллион айыппұл: Пара алған Рудный басшысына қатысты үкім шықты

«Тобыл-Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы сотталды

33,3 миллион айыппұл: Пара алған Рудный басшысына қатысты үкім шықты
gov.kz

Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол жоспарлы тексеру шеңберінде су заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданбағаны үшін Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды.