Мәліметтер бойынша, Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға- 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.
Деректерге сүйенсек, Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Үзындығы 150 м, биіктігі 10 м болатын ең үлкен «Астана» атты су кемесінің жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілік бар.