Алматы қаласындағы бір үйден 89 жастағы қарт әйел мен 87 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Оқиға 27-ші қараша күні орын алған.
"Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген ПД мәлімдемесінде.