Закиеваның мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 15 өрт оқиғасы болып, соның салдарынан балалар қаза тапқан. Көбінесе қайғылы оқиға балалардың үйде жалғыз қалуынан болған.
"Бұл оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды енгізу қажет деп есептеймін. Әрине, сонымен қатар қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет ұсынатын көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі тиіс", - деп жазды балалар омбудсмені Instagram парақшасында.