Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Әкімдіктен үй берілмеді» — Шерзаттың әкесі ЭКСКЛЮЗИВ сұқбат берді

Әкімшіліктің тарапынан уәде етілген үй әлі күнге дейін Шерзаттың отбасына берілмеген

«Әкімдіктен үй берілмеді» — Шерзаттың әкесі ЭКСКЛЮЗИВ сұқбат берді
Newsroom.kz

Талғар ауданында қазан айында орын алған 16 жасар Шерзат Болаттың қайтыс болуы бүкіл ел қоғамының назарына іліккен болатын. Бүгінгі күні Шерзатқа және оның отбасына қатысты жаңалықтар легі азайып, бұл оқиға ортадан ұмтылып бара жатыр. Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов «Airan Media» тәуелсіз YouTube-арнасына сұқбат беріп, әкімшіліктен ешқандай көмек алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

- Талғардағы үйлеріңіз өртенгеннен кейін жергілікті әкімшілік сіздерді жаңа үймен қамтамасыз ететіндерін уәде еткен еді. Қазір қайда тұрып жатсыздар? 

Қазір ата-анамыздың үйінде тұрып жатырмыз. Өртенген үйдің құны төленген жоқ. Әкімшіліктен ешқандай көмек болған жоқ. 

Шерзаттың Талғардағы үйі өртенгеннен кейін қоғам арасында белгісіз еріктілер көмек көрсету мақсатында Қаржаубай мырзаның атынан арнайы қор ашып, қарапайым халықтан ақша жинаған. Қор расымен отбасыға тиесілі болды ма?  Шерзаттың әкесі түсініктеме жасады. 

Халық арасында сбор жүріп жатыр деген әңгіме болды. Бұл мәселе бойынша мені шақыртты. Қауіпсіздік комитетіне бардым. Бірнеше адамдар біздің атымыздан сбор ашыпты. Менің оған ешқандай қатысым жоқ. Сол себепті, өтініш хат жазып, түсініктеме бердім,-деді Қаржаубай мырза.