Каспий теңізінің аймағында итбалықтардың өліміне қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты қоғамдық кеңес мүшесі, Маңғыстау облысының «ECOJER» қауымдастығының төрағасы Әділбек Қозыбақов пікір білдірді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Каспий итбалықтары Қызыл кітапқа 2020 жылдан бастап енді. Елімізде итбалық мәселесіне қатысты әр адам қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек. Ал, қазіргі таңда қырылып біткен итбалық саны 2000-ға жуық. Билікке үндеу жасаймын: Шұғыл түрде бұл мәселеге назар аударатын комиссия құрылу керек. Кінәлі тараптарды анықтап, барлығы жазаларын өтеу керек»,-деді Әділбек Қозыбақов.
Айта кетейік, Түпқараған ауданының аумағынан осыдан бірнеше ай бұрын 289 итбалықтың өлі денесі табылған еді.