weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде маймыл шешегіне күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды

Санкт-Петербургте маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен бес адам ауруханаға жеткізілді. Осыған байланысты Қазақстан шекарасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Ресейде маймыл шешегіне күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды
Фото: Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфекция Қазақстанда да тіркелуі мүмкін. Алайда вирустың ел аумағында таралу қаупі төмен деп бағаланып отыр.

Маймыл шешегі — MPXV вирусы тудыратын жұқпалы ауру. Ол көбіне науқас адаммен тығыз байланыс кезінде беріледі. Негізгі белгілері — дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшықеттің ауыруы, лимфа түйіндерінің ісінуі және теріде бөртпенің пайда болуы. Көп жағдайда науқастар толық сауығып кетеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер