«Баршаңызға қайырлы кеш! Менің атым Кристалл Лю. Мен Қытайдан Канье Уэсттің концертіне арнайы келдім. Алматыда үш күн боламын. Бұл перформансты асыға күтіп отырмын», – деді ол.
Кристалл Лю сұхбат барысында артистің шығармашылығына деген қызығушылығын да көрсетті. Ол камера алдында YE-нің танымал әндерінің бірі «All Falls Down» композициясын орындап, көрермендерге шағын музыкалық сый тарту етті.
Осылайша, Қытайдан келген қонақ Алматыдағы концертті асыға күтіп отырғанын айтып, сүйікті әндерінің бірін орындап, ерекше әсерімен бөлісті.