Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Президент шұғыл тапсырма берді: Ураинада жағдай ушығуда

Президент негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Президент шұғыл тапсырма берді: Ураинада жағдай ушығуда
РИА новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.