Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 16:45 / Арайна Арайқызы / Әлем

Таиландта 36 жастағы әйел 14 адамды өлтіріп, тонап кеткен

14 адамның өліміне себепші болған Сарарат Рангсивутхапорн – Таиландтағы ең қауіпті қылмыскерлердің қатарына жатқызылды

Таиландта 36 жастағы әйел 14 адамды өлтіріп, тонап кеткен
Таиландтың патшалық полиция ұйымы / ЕPA

36 жасар Сарарат Рангсивутапорн онлайн құмар ойыншы ретінде күллі Таиланд патшалығына белгілі азаматша. Ол адамдардан мыңдаған долларды ұрлау мақсатында оларды химиялық қоспамен улап өлтірген. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Өткен жылдың сәуір айында Сарарат өзінің жақын құрбысы Сирипорн Кханвонгпен кездесіп, Бангкокта оны алдап-сулап өлтіріп кеткен екен. Барлық тағылған айыптарды ескере отыра, Сарарат сот үкімі бойынша өлім жазасына кесілді. 

"Соттың шығарған шешімі әділ",-деді айыпталушының анасы. 

Сонымен қатар, Сарараттың бұрынғы күйеуі, полиция подполковнигі Сирипорнды өлтіруге қатысқаны үшін 16 айға, ал оның экс адвокаты екі жылға бас бостандығынан айырылды.