Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтөбеде ер адам бейтаныс әйелді өлтіріп, мүлкін тонап кетті

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақтөбеде ер адам бейтаныс әйелді өлтіріп, мүлкін тонап кетті
nur.kz

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті У. жәбірленуші С.-ны көлік ішінде қауіпсіздік белдігін пайдаланып тұншықтырып өлтірген. Қылмыстан кейін күдікті марқұмның 150 мың теңге тұратын алтын алқасы мен Toyota Camry автокөлігін иемденген. Сонымен қатар, жәбірленушінің жеке басын тануды қиындату үшін күдікті оның бетін пышақпен тіліп, мәйітті жолдың бойындағы бұталар арасына лақтырып кеткен. 

Сот барысында күдіктінің кінәсі айыптаушы тараптың дәлелдерімен расталды. 

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен, сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жекеше қаулы шығарды, – делінген сот хабарламасында.