weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Маймыл мен адам жауласқан заман: Таиландта 200 маймыл зообақтан қашып кетті

Таиландтың Лопбури қаласында зообақтан 200 маймыл қашып, адамдарға шабуыл жасап, полицей ғимаратын қоршап алды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Маймыл мен адам жауласқан заман: Таиландта 200 маймыл зообақтан қашып кетті
Jack TAYLOR / AFP

16-шы қараша күні Таиландтың Лопбури қаласында ерекше оқиға тіркелді. Шамамен 200 маймыл күтпеген жерден зообақтан босап шығып, қала көшелеріне тарап кетті. Бұл оқиға қала тұрғындарының арасында дүрбелең тудырып, билік өкілдерінің шұғыл шаралар қолдануына себеп болды.

Лопбури қаласы өзінің маймылға толы көшелерімен танымал. Қаладағы көптеген маймылдар буддисттік храмдарда еркін өмір сүреді және жергілікті тұрғындар мен туристер оларды тамақтандырып жүреді. 

Ең қызығы, Лопбури маймылдары топтасып дүкендерді тонап бастаған. Кейін полиция ғимараттарын қоршап, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасады.

Мұндай жағдай қала ішінде бірінші рет тіркеліп тұрған жоқ. Коронавирус уақытында қалада адам азайып, турист келмей, көше қаңырап қалған кезде маймылдар аштыққа салынып, агрессияға басымдық бере бастаған деседі. Кейіннен, бұл қауіптің алдын-алу үшін жергілікті әкімшілік «маймылдар түрмесін» салып шықты. Аса қауіпті жануарлардың мұрындарына көз жастың символы ретінде тату да салынады екен. 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→