"Қазақ тұлпары" ЖШС-ның зоотехнигі Виталий Гофманның айтуынша, бұл кәсіпорында тек жылқыны шын жүрегімен сүйетіндер ғана қалған. Оның себебі – мемлекет соңғы 20 жылда бұл саланы назардан тыс қалдырған. Биыл жоғары мінберлерден қазақы жылқының санын арттыру туралы көп айтылғанымен, нақты нәтиже көрінбейді. Қостанай жылқысы қазақ тұлпарларының арасында ерекше орын алады және шабандоздық қасиетімен танымал. Бұл тұқымды зерттеу мен көбейтумен Қостанай жылқы зауыты айналысады.
Зауыттағы сәйгүліктер биыл атжарыстардан 7 миллион теңге пайда әкелді. Шілде айында Мемлекет басшысы Қостанай жылқысының тұқымын сақтау және көбейтуге бағытталған заңға қол қойғаннан кейін, кәсіпорында болашаққа деген үміт пайда болды. Егер субсидиялар мен мемлекеттік қолдау уәде етілгендей жүзеге асса, жылқы зауытына жаңа серпін беруі мүмкін еді. Алайда қазіргі уақытта бұл сөздер тек қағаз бетінде қалып отыр.
Бүгінде жылқы зауытында 92 бас Қамбар ата тұқымы бар. Соның 77-і асыл тұқымды. Биыл 18 бас асыл тұқымды төл алған.