weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мүмкіндігі қазан айында талқыланады. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин тиісті есептеулердің дайын екенін айтты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілуі мүмкін
Фото: Depositphotos/4ex

Оның айтуынша, мәселе 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау кезінде көтеріледі.

Мәселе қашан қаралады?

Депутат Татьяна Савельева бюджет жобасының алғашқы оқылымы 14 қазанда өтетінін нақтылады.

Осыдан кейін депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін өзгертуге қатысты нақты ұсыныстарды талқылай бастайды.

Қазір ең төменгі жалақы қанша?

Қазіргі таңда Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге.

2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасында да МЗП-ны 85 мың теңге деңгейінде сақтау қарастырылған. Алайда бұл көрсеткіш түпкілікті бекітілген шешім емес.

Азамат Амрин ең төменгі жалақыны қайта қарауға қатысты есептеулер бар екенін айтты.

«Есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылаймыз», – деді бірінші вице-министр.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→