АҚШ рұқсат берді: Ресей енді зымыран астында қала ма?

Президент Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға АҚШ-тың ұзақ қашықтыққа арналған ATACMS зымырандарын Ресей аумағындағы нысандарға қолдануға рұқсат берді.

Президент Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға АҚШ-тың ұзақ қашықтыққа арналған ATACMS зымырандарын Ресей аумағындағы нысандарға қолдануға рұқсат берді. Бұл шешім Украинаға Ресейдің әскери инфрақұрылымына терең соққылар жасайды. Бұл туралы Newsroom әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін АҚШ Украинаға ATACMS зымырандарын жеткізуді шектеп, оларды тек Украина аумағында қолдануға рұқсат берген болатын. Бұл шектеулер Ресейдің ықтимал жауап әрекеттерінен қауіптену және қақтығыстың одан әрі ушығуын болдырмау мақсатында енгізілген еді. Алайда, Ресейдің Украинаға қарсы шабуылдарының күшеюі және Солтүстік Кореяның Ресейге әскери қолдау көрсетуі АҚШ-тың саясатын қайта қарауға итермеледі.

ATACMS зымырандарының мүмкіндіктері

ATACMS (Army Tactical Missile System) — 300 км-ге дейінгі қашықтықта дәл соққы жасай алатын тактикалық зымыран жүйесі. Бұл зымырандар Ресейдің тылдағы әскери нысандарына, соның ішінде әуежайлар мен оқ-дәрі қоймаларына соққы жасайды. 

АҚШ-тың бұл шешімі халықаралық қауымдастықта әртүрлі пікірлер тудырды. Кейбір еуропалық одақтастар бұл қадамды қолдап, Украинаға өз аумағын қорғау үшін қажетті құралдарды беру маңызды екенін атап өтті. Дегенмен, кейбір сарапшылар бұл шешім қақтығыстың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде.

Украинаның реакциясы

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұл шешімін құптап, бұл қадам Ресейдің агрессиясына қарсы тұруда маңызды рөл атқаратынын айтты. Ол сондай-ақ, Украинаға өз аумағын қорғау үшін қажетті барлық құралдарды беру қажеттігін атап өтті.

Жүктелуде...