Қайғылы оқиға 15 қараша күні таңертең Қарағандыдан екі шақырым жерде орналасқан Курминка елді мекенінің маңында орын алды, деп хабарлайды Newsroom.kz.
15 қараша күні таңғы сағат 10 шамасында Қарағанды-Балқаш тас жолында «Тойота Альфард» көлігі жолдан шығып, кюветке түсіп кеткен. Көліктің ішінде сегіз адам болған.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші көлікті мұзда ұстай алмай қалған. Оқиға орнында жеті адам көз жұмған.
«Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның алты жолаушысы, олардың ішінде екі бала қаза тапты. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Құзырлы органдар қылмыстық іс қозғады.