Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел атанғанына биыл 33 жыл толды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына көз жүгіртер болсақ — 1991 жылы КСРО ның ыдырауы нәтижесінде одақ құрамында болған елдер өз алдарына тәуелсіз мемлекет атанды.
1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.
Ескере кететіні Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
Еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып, әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ мойындап, артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған мұсылман елдері ішінде алғашқысы болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Халықаралық Валюта Қоры және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдарының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр.