Қараша айының 7-сі күні Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен және полиция органдарының қатысуымен Алматы және Ұлытау облыстарында діни экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен бес қазақстандық азамат ұсталды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
"Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқандығы белгілері бойынша 17 адамға "шығуға болмайтындығы туралы қол қою" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.
Олардың ішінде төрт адам экстремистік қылмыс жасағаны үшін бұрын соттылы болған.