weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

40 жолаушысы бар автобусты жүргізуші мас күйде жүргізген

Тәртіп сақшылары болуы ықтимал автобус апатының алдын алды

40 жолаушысы бар автобусты жүргізуші мас күйде жүргізген
Фото: nege.kz

Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны жолаушыларды ішімдік ішіп алып тасымалдаған. Оны полицейлер Астана-Петропавл автожолының 232-шақырымында тоқтатты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Van Hool автобусын тізгіндеген жүргізушінің құжаттарын тексеру және әңгіме барысында одан алкогольдің иісі шыққан. Ол Бурабай ауданының ауруханасында медициналық тексеруден өтіп, дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас халде екенін растаған. Осылайша, тәртіп сақшылары болуы ықтимал автобус апатының алдын алды.

Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды, - делінген полиция хабарламасында.