Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Испанияда су тасқынынан опат болғандар саны 219 адамға жеткен

Испаниядағы бұл жағдай – Еуропадағы кейінгі 57 жылдағы ең ірі су тасқыны

Испанияда су тасқынынан опат болғандар саны 219 адамға жеткен
Фото: Adyrna.kz

Мәліметтер бойынша, тағы 93 адам хабар-ошарсыз кетті. Опат болған және зардап шеккендердің дені Валенсия қаласының тұрғындары, деп хабарлайды newsroom.kz

Елдің оңтүстік-шығысында құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Апатпен күреске 15 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылған. Бұдан бөлек, психологтар мен полиция қызметкерлері де тартылған. 

Айта кетелік, көмек қолын созған 45 мың ерікті тағы бар. Испаниядағы бұл жағдай – Еуропадағы кейінгі 57 жылдағы ең ірі су тасқыны.