Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада 25 мектеп гаджеттен бас тартты

Қалған 88 мектеп әзірге жобаға қосылмаған

Астанада 25 мектеп гаджеттен бас тартты
Фото: baq.kz

Елордадағы 110 мемлекеттік мектептің 25-і «Смартфонсыз мектеп» жобасын қолдаған. Бұл туралы «Казинформ» мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qazaqstan.tv Telegram арнасына сілтеме жасап.

Аталмыш білім ордаларының оқушылары бүгіннен бастап сабақта телефон пайдалана алмайды. 

Қалған 88 мектеп әзірге жобаға қосылмаған. Білім басқармасының мәліметінше, биыл «Смартфонсыз мектеп» жобасына қосылушылар қатары артқан. Жалпы бұл жоба 4 жылдан бері іске асып келеді.