Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search

Министр Жаслан Мәдиев: «+7» телефон коды өзгермейді

Министр Сенат кулуарында бұл мәселеде алаңдауға негіз жоқ екенін айтты

Министр Жаслан Мәдиев: «+7» телефон коды өзгермейді
ҚазАқпарат

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның халықаралық телефон коды "+7" мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда +7 кодын Ресеймен бірлесіп пайдаланатынымыз шындық. Мұнда Қазақстанға ғана тиесілі қосымша нумерация бар. Оларға +77, +76 жатады. Қосымша +70 бойынша келісімге келу жоспары бар. Оны тек Қазақстан ғана пайдаланатын болады. Тұтынушы, түрлі әлеуметтік платформалардың, банктік қосымшалардың қолданушысы ретінде телефонға немесе қосымшаға жаңа нөмірлерді жазу қолайсыздық туғызар еді деп ойлаймын. Меніңше, ел азаматтары түсіністік танытады" – деді Жаслан Мәдиев.

Қазақстанның халықаралық телефон кодын өзгерту мәселесі бұған дейін де талқыланған болатын. 2021 жылы бұрынғы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "+997" кодын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда, бұл бастама экономикалық шығындар мен техникалық қиындықтарға байланысты жүзеге аспады.